Қазақстанда «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы құрылды

Алматы. 19 шілде. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы құрылды, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, деп жазады ҚазТАГ.

«Біз өткен аптада үкімет қаулысымен ұлттық «Қазақ туризм» АҚ компаниясын құрдық. Бұл акционерлік қоғамның бірінші міндеті – еліміздің туристік әлеуетін шетелде насихаттау, екіншісі – инвестиция тарту», - деді А. Мұхамедиұлы сәрсенбі күніг баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осы компания арқылы туристік салаға инвесторларды тарту мақсаты көзделеді.

«Қазіргі кезде көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстанның туристік саласына инвестиция салуға мүдделі екенін айта аламын. Себебебі Қазақстанның табиғи ландшафты ерекше және ең бастысы - бізде қауіпсіз және халықаралық тәжірибе бар. Барлық белді мемлекеттерде туристік компаниялар бар», - деді министр.

«Бюджет жағынан: олар алғашқыда, әрине, бюджеттен жалақы алады. Ал келесі жылдан бастап бұл компания өзін-өзі ақтауға шығады», - деді ол.

 Источник: www.ic24.kz