Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Алтай тауларының көп бөлігін алшып жатқан Шығыс Қазақстанда туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орман мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Белуха тауы бар(4506 м).
Табиғатының әсемдігі жақсы сақталынған, терең өзендерге бай, «қара» және «қызыл» балығы мол, аң және құс аулау мүмкіндігі, қарлы маусымы ұзаққа жалғасатын таулы аймақтар, курорттар(радонды бастаулар мен пантымен емдеу)-мұның барлығы зор табыс әкелетін қуатты туристік индустрияны құруға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанның Алтай аумағында ТМД және Прибалтика елдерінің туристері көп жылдар бойында әртүрлі саяхат құруда,бұл:альпы шыңдарын бағындыру және ат үстіндегі саяхаттар. Жыл сайын біздің аудан Европа және Америка елдерінің туристерін, балық аулаушыларын және аңшыларын қабылдайды. Соңғы екі-үш жылда антропогендік көлем анағұрлым ұлғайды.
Осыған байланысты жергілікті тұрғындардың орналасқан мекенін бұзбай, берілген аумақты қолдануды және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын структура құрудың қажеттілігі туып отыр.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркін ұйымдастыру жөнінде Қаулы қабылдады.2001 жылдың шілдесінде парк құрылып қызметін бастады. Табиғи парктің негізгі міндетіне:
- әлемнің негізгі биотикалық кешендерінің репрезентативті үлгісі ретінде экожүйені сақтау;
-табиғи ортаның экологиялық әртүрлілігін қолдау;
-мәдени мұраның учаскелерін және нысандарын сақтау;
-табиғаттың әсем жерлерін сақтау;
-ауданның экономикалық дамуында қосымша күш құру;
Негізгі аумақтық- шектелген міндеттер:
-Жаңа жұмыс орындарын құру;
-Тұрғындарды тұрақтандыру;
- Ғылыми зерттеулер жүргізу және ортаның жағдайын бақылау;
-Туризмді және демалысты ұйымдастыру кіреді.
Негізгі міндеттердің бірі «Қар барысы-Оңтүстік Алтай» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Бұл бағдарлама Оңтүстік Алтайда мекендейтін қар барысының болмысын танып білуге және сақтауға арналған.
Қосымша міндеттер:
-Айналадағы ортаның денсаулығын және экологиялық баланстың қолайлығына қолдау көрсету;
-экожүйенің өнімділігін сақтау;
-эррозияға қарсы күрес.
Ұлттық парктің міндетіне енетін негізгі тізім осындай.
Парктің аумағына төмендегі шекаралар енеді:
- Солтүстік пен шығысында мемлекеттік шекаралар Ресей мен Қытай;
- Батысында меридиан бойынша Медведка ауылы;
- Оңтүстігінде - Қытайға дейінгі Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Күршім аудандарының шекаралары.
Парк аумағының жалпы ауданы 6500 шаршы километр.
Парк аумағында табиғаты әсем және тарихи көзтартарлық орындар мол. Олардың кейбіреулері халықаралық мәртебеге ие: Белуха тауы, Көккөл сарқырамасы, Берел қорғандары, Рахман қайнарларының термальды бастаулары,Ұлы Жібек Жолының Солтүстік Тармағы (Алтын Тармақ) және тағы басқалар.
Оңтүстік Алтайдың жануарлар әлемі таңғаларлықтай әртүрлі. Мұнда сүтқоректілердің 66 түрін (Қазақстанда мекендейтіндердің үштен бірі), құстардың 250-ден астам түрін, қосмекенділердің үш түрін, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрін және жәндіктердің бірнеше мыңдаған түрін кездестіруге болады. Олар өңір аума ғында өзен-көл алқаптарынан тау шалғындарына ,тундралар мен мұзды шыңдарға дейін таудың барлық белдеулерін мекендейді. Алтайдың ең айқын және өзіндік нышаны қар барысы- ілбіс болып табылады. Барыспен қатар оның шегінде Алтай арқары да қорғалады, бұл - арқарлардың ішіндегі ең ірісі, құлжасының салмағы 200кг-ға дейін жетеді.
Парк аумағында таутекелердің Қазақстандық Алтайдағы (Оңтүстік Алтай жотасы) ең ірі үйірлері мекен етеді.
Жергілікті тұрғындар шағын жеті ауылдар мен Рахман Қайнарлары шипажайы поселкасына шоғырланған және оның көпшілігі қазақ және орыс ұлттарының өкілдері. Олардың іс-қызметтерінің негізгі түрлері – омарта, мал және марал шаруашылықтары.
Бұрын мұнда орман шаруашылықтары; ұжымшарлар ірі омарта және марал шаруашылықтары жұмыс істеп, дәнді дақылдар себілетін. Соңғы уақытта барлық мемлекеттік кәсіпорындар дерлік іс-қызметін толық тоқтатты және тұрғындарды еңбекпен қамту мәселесі күрделене түсті.
|
|
Қазіргі уақытта ауданда - Өрел ауылында «Рахман қайнарлары», Ақсу ауылында «Мұзтау» минералды суын шығаратын цехтар ашылды.
Жердің шалғайлығына қарамастан, жыл сайын ауданға денсаулықтарын түзеу мақсатында «Рахман қайнарлары» және ауданда ашылған пантымен емдеу орындарына көптеген адамдар келеді.
Саяхатшылар мен аңшылардың келуінен туындаған мәселелер, жұмыссыздық, браконьерлік, қасқырдың көбеюі, өрт ошақтарының пайда болуы, өзбетімен ағаш кесу мәселелерін оңды шешу – жоғарыда айтылғандай, ұсынылған аумақ шеңберінде бірегей парктік жүйе құруда. Сондықтан, шектес жатқан Ресей, Қытай және Монғол мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынаста еңбек ету қажеттігі туындауда.
Қазақстан – Ресей бағытындағы дәстүрлі саяхаттық маршруттар, аңдардың көшуі, Қытай мемлекеті тарапынан браконьерлік, қызықты аумақтық туристік маршруттар құру – Үлкен Алтай шеңберінде таулы, Оңтүстік, Кенді және Моңғолдық тауларын қоса алғанда бірегей мемлекетаралық туристік мемлекет құру нұсқасы өздігінен туындайды.
www.akimvko.gov.kz