Шығыс Қазақстан облысының туристтік саласының дамуы туралы ақпарат (2017 жылдың бірінші жарты жылдығы)

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында «Алтайдың інжу-маржаны» туристік кластерін қамтитын, Шығыс Қазақстан облысының Солтүстік және Шығыс бөлігін қалыптастыру міндеттердің бірі ретінде көзделген. Өскемен қаласы сегіз негізгі туристік қызығушылығы бар кластердің орталығы болып анықталады. Олар: Берел қорғандары, Бұқтырма, Ертіс өзенінің су қоймасы - Зайсан көлі, Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қиын Керіш, Риддер қаласы -Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Алакөл (солтүстік бөлігі), Семей қаласы және Абай ауданы (Жидебай) .

Ұлт жоспарының 86-қадамын іске асыру барысында «Алтайдың інжу-маржаны» аймақтық мәдени-туристік кластерді қалыптастыру үшін негіз болып табылатын, Шығыс Қазақстан облысында ауқымды археологиялық қазбалар жүргізілуде.

Облыста Берел қорғандары немесе «Патшалар алқабы», сондай-ақ Шілікті қорғандары және Аблайкит бекінісі сияқты 600-ден астам тарихи және археологиялық ескерткіштер бар.

Алтай мәртебесін тағы бір рет «өркениеттің алтын бесігі» ретінде дәлелдеуге тиісті ірі масштабты археологиялық қазбалар әлемнің көптеген халықтарының мәдениеті бастау алатын Катон-Қарағайдың Берел қорғандарында, Зайсан ауданындағы Шілікті даласында, Ұлан ауданындағы Аблайкит бекінісінде, Абай ауданындағы Қырыкүнгірде және Тарбағатай ауданындағы Елеке сазында жүргілген.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін «Болашаққа ұмтылған: қоғамдық сананы жаңғырту» облыстың қасиетті орындарының тізімі және қасиетті орындар картасы әзірленді.

Облыстың қасиетті мәдени-тарихи және емдеу-сауықтыру туристік орындарының 10 туристік бағыттары әзірленіп, іске асырылуда. Облыстың қасиетті мәдени-тарихи орындарының қосымша 13 туристік бағыттары әзірленуде.

Алғашқы рет облыстың турпакеттерін қалыптастыру бойынша жұмысы жүйеленіп, облыстың 18 туроператордың 35 туристік пакетін онлайн сату үшін «TourEast.kz» сайты және тиісті электрондық дерекқоры құрылды. Сонымен қатар, ҚХР туристері үшін ШҚО бойынша турпакеттері әзірленді.

Қытай Халық Республикасы шекара аймақтарынан қытайлық туристер ағынын ұлғайту үшін «Бақты» және «Майқапшағай» шекара бекеттерінде туристерге тексеруден өтудің жеделдетілген режимі енгізілді. Шекара аймақтарында Қазақстан Республикасының территориясында Қытай Халық Республикасынан келетін туристер үшін қытай тілінде келіп-кету ережелері орнатылды.

Автокөлікпен Қазақстан Республикасының шекарасынан өтетін Қытай Халық Республикасынан келетін туристер үшін (қытай және орыс тілдерінде) Алгоритм әзірленді.

Жалпы, қабылданған шаралардың арқасында облыс бойынша, соның ішінде аумақтарды дамыту бағдарламасында қамтылған саланың негізгі көрсеткіштерінің өсімі байқалады.

2016 жылғы статистика бойынша орналастыру орындарының саны 2015 жылға қарағанда 455-ке яғни 84 бірлікке өсті.

Бұл көрсеткіш бойынша,облыс республика көлемінде бірінші орында тұр. Облыс бойынша 2017 жылдың бірінші тоқсанында 458 орналастыру орындары бар.

2015 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсетілген келіп-кетушілер саны 8,6% -ға өсті, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша осы көрсеткіштер 71 510 адамды құрайды. Кіру туризмінің көрсеткіштері (а.ж бірінші тоқсанында - 4610 адам) 8,6% -ға, ішкі 2015 жылмен салыстырғанда (а.ж бірінші тоқсанында 2017ж. -66 900 адам.) 9,1% -ға өсті. 17,9 % -ға (а.ж бірінші тоқсаны - 2017ж. -708 586,5 мың теңге.) орналастыру қызметінің көлемі өсті.

Облыста 2016 жылы басталған туризмді дамытуға, соның ішінде көл жағалауындағы перспективалы жер телімдерін түгендеу бойынша сатылы жұмыс жалғасуда.

Алакөл және Сібе көлдерінің жағалауындағы нысандар мен жер телімдерінің түгендеу жұмыстары аяқталды. Ағымды жылдың мамыр айында облыс әкімінің өкімімен, Бұқтырма су қоймасының рекреация аймақтарын зерттеу және түгендеу бойынша (ағымды жылы 5 мамырда жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Жұмыс тобының мүшелері кесте бойынша жұмыстарын жалғастыруда). Зырян әкімдігінің мәліметінше қазіргі уақытта 122 ірі және орта демалыс орындары, 3 марал өсіру шаруашылығы, 2 демалыс үйі, 3 жаздық балаларды сауықтыру лагері (аталған нысандардың жалпы сыйымдылығы-1878 коттедж және 12500 төсек-орын) 2 пансионат бар.

Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігі ережелерінің, санитарлық және экологиялық талаптардың заң бұзушылықтары анықталған. Инженерлік инфрақұрылым жоқ және көптеген жолдарға қызмет көрсетілмейді. Демалыс орындары құрылысына берілген жер телімдерінің ұзақ уақыт бойы қолданылмау фактілері, оларды бөлу және сату, қайта сату фактілері анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 58-өкімін орындау мақсатында жұмыс тобымен Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындарының аумақтарында кемшіліктерді жою бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Жұмыс тобы жағалауда орналасқан туристік нысандарды 2 рет тексерді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылдың 2 шілде айында облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановтың төрағалығымен облыстық жұмыс тобының көшпелі жиыны өткізілді.

162 демалыс орындары тексерілді. Тексеру барысында қолданысқа берілмеген 15 нысан және 147 тізімде жоқ демалыс орындарында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылдың 10 шілде айындағы жағдайға сәйкес 147 нысанның ішінде 24 нысан меморандумның талаптарына сәйкес келеді.

Бүгінгі күні Үржар ауданының әкімдігімен және жұмыс тобының мүшелері – мемлекеттік органдармен жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымды жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетімен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысының 10 көлінің суларының және батпағының (Алакөл, Марқакөл, Зайсан, Сібе көлдерінің, Дубығалы (Окуньки), Шыбындыкөл және Рахман қайнарлары, «Барлық -Арасан» демалыс орыны, Қоңыр-Әулие бастауы, Әулие Бастау) физико-химиялық құрамына ары қарай бальнеологиялық қорытынды алу үшін және емдеу-сауықтыру туризмін дамыту үшін зерттеу жүргізу жоспарланды.

Өңірдің туристік әлеуетін қазақстандық және шетелдік ақпараттық алаңдарында ілгерілету бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

Ағымды жылдың 13-15 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Зимунай округінде өткізілген Шығыс Қазақстан облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінің шекаралас аудандардың туризмін дамыту саласындағы форумға қатысты. Делегация құрамына туристік операторлар мен агенттердің, облыстың кіші және орта бизнес өкілдерінің басшылары енгізілді. Екіжақты кездесудің бағдарламасы ҚХР басшылығымен және аспан асты елінің ірі туристік агенттігінің өкілдерімен шекаралас аудандардың туризмін дамыту мәселесін талқылау үшін сұхбаттасу ауданын құрайтын екі жақты кездесудің бағдарламасын құрайды.

Форум қортындысы бойынша екі жақтың тараптары ары қарай белсенді диалогты қолдау қажеттігін растады және одан әрі достық қарым-қатынастардың дамуын атап өтті.

2017 жылдың 11 маусым айында Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Тарбағатай округінің Шәуешек қаласында «Қазақстандағы Қытайдың Туризм жылы» аясында бірінші туристік халықаралық автошеруінің қорытындысы өткізілді. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары қала әкімшілігінің қолдауымен ҚХР ШҰАА туристік компанияларының өкілдері болып табылады.

http://toureast.gov.kz