Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы

«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі  Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстүк – шығысында орналасып, Ресей Федерациясымен шекараласады. Қорық көлемі – 86122 га, күзету аймағы – 25 820 га.

Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимараты Риддер қаласында, облыс орталығы Өскемен қаласынан солтүстік-шығысқа қарай темір жолмен 100 шақырым немесе автожолмен 120 шақырым арақашықтықта орналасқан.

Қолжетімділігі. Риддер қаласынан – қорық аумағының шекарасына дейін Республикалық маңызы бар тас  жолмен 48 шақырым.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы  3 шілдесіндегі №1519-ХП Қаулысымен «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» 56 078 га аумақта  құрылған.

Қорық аумағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 07 қарашасынан бастап  86 122 га көлеміне дейін көбейтілді, соның ішінде орман қамтылған алаң-38 272 га,  2008 жылдың 1 қантарынан Қаулы күшіне енді.

  

Қорық Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың  ең жоғары санатына  жатады.  Мемлекеттік меншіктегі қорықтың жерлері мекемеге мерзімсіз жалға берілді және олар табиғи ресурстарын пайдалану үшін қолданылмайды. Жер учаскелері және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи – қорықты қордың  нысандары жекешелендіруге жатпайды; жерді алып алуы рұқсат етілмейді. (ҚР «ЕҚТА туралы» Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Табиғатты қорғау Халықаралық бірлестігіндегі табиғи аймақтардың  1 б санатына сәйкес. 

2007 жылғы 27 желтоқсандағы №385 Шығыс Қазақстан облыс Әкімдігінің қаулысымен қорықтың ҚР және РФ мемлекеттік шекарасының периметрінен басқа, қорық аумағының периметрі бойынша  ені 2 шақырым күзету аймағы орналасқан. Күзету аймағының жерлері негізгі жер пайдаланушылардан алынған жоқ, олар ауыл шаруашылық тағайындау және орман қорының жерлерінен құрылды.

 

Күзету аймағында табиғаттың қалыпты жағдайын түбегейлі бұзатын қандай да іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағы Батыс Алтай провинциясына кіреді және келесідей өсімдіктер белдеулеріне жіктеледі:

-         жапырақты орман

-         қара тайга

-          қара қылқанжапырақты тайга

-         альпілік және субальпілік шалғындар

-         биіктаулы тундра

Қазақстан қорықтарының ішінде, Батыс Алтай қорығы флоралық байлығы мен қанықтығы жағынан алдыңғы орындарда тұр, сондай-ақ сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдік түрлерінің генетикалық қорын сақтауда маңызды орын алады. Соңғы зертеулердің нәтижелері бойынша қорық аумағында: саңырауқұлақтардың 237 түр, оның 3 түрі – Қазақстанға жаңа түр; жоғары сатылы өсімдіктердің 883 түрі, оның 96 түрі ерекше қорғауды қажет ететін және сирек кездесетін түрлер, оның ішінде 27 түрі Қазақстанның Қызыл кітабіне кірген.

 

   

Қорықтың аумағы өзінің табиғи-климаттық және эстетикалық жағдайымен Батыс Алтайдың барлық  орта таулы және биік таулы көрінісін, өзгеше келбетін қамтып көрсетеді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігіне ие.

Батыс–Алтай қорығының қазіргі құс фаунасында 162 түрі бар, соның ішінде 120 түрі ұялайды. Болашақ зерттеулерде бұл тізім ұшып келетін, ұшып кететін және қоныстанатын түрлер үшін кеңейтіледі. Батыс-Алтай қорығында қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстардың   6 түрі бар екені анықталды, соның ішінде 5 түрі ұялайды (қара құтан-ciconia nigra. Бүркіт- aguila chrysaetos. Сапсан- falco peregrinus. Сұр тырна – grus grus, үкі- bubo bubo ) және 1 түрі балобан – falco gherrug, жылы жерлерге ұшу кезінде кездеседі.

Өткізілген зерттеулер нәтижесінде Батыс Алтай қорығын сүтқоректілердің 55 түрі мекендейтіні анықталды. Тұяқтылардың үш түрі – бұлан, марал, елік қыста қар аз аудандарға ауып кетеді. Америкалық қаракүзен біздің климатқа бейімделген жануар. 1970 жылдары бұғы, соңғы он жылдықта марал және 2008 жылдан бастап құндыз қорықтың аумағын қайтадан мекен ете бастаған түрлерге жатады. Қорықта мекендейтін сүтқоректілердің қарапайым түрлері: қоңыр аю, желіс, бұлғын, ақ тышқан, ақкіс, сарғыш күзен, аққалақ,  ала тышқан, тиын, алтай шиқылдағы, ақ қоян.

Қорықта Қазақстанның Қызыл Кітабына енген сирек сүтқоректі жануарлардың бірі - Иконников жарқанаты бар.

Батыс–Алтай қорығының герпетофаунасы қосмекенділерінің 2 түрінен  кәдімгі құрбақа, сүйір тұмсықты бақа және бауырымен жорғалаушылардың 4 түрінен тұратын – пысық кесіртке, тірідей туатын кесіртке, кәдімгі сужылан, кәдімгі сұр жыланнан тұрады.

Өзен мен көлдердің ихтиофаунасы қазіргі кезге дейін дұрыс зерттелмеген, сол себепті  бастапқы тізімге балықтың 5 түрін енгізуге болады – сібір хариусы, сібір тас тасалағышы, кәдімгі гольян, кәдімгі голец және 1 түрі ғана таймен – Қазақстанның Қызыл Кітабына енген.

www.akimvko.gov.kz