Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстүк – шығысында орналасып, Ресей Федерациясымен шекараласады. Қорық көлемі – 86122 га, күзету аймағы – 25 820 га.
Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимараты Риддер қаласында, облыс орталығы Өскемен қаласынан солтүстік-шығысқа қарай темір жолмен 100 шақырым немесе автожолмен 120 шақырым арақашықтықта орналасқан.
Қолжетімділігі. Риддер қаласынан – қорық аумағының шекарасына дейін Республикалық маңызы бар тас жолмен 48 шақырым.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 3 шілдесіндегі №1519-ХП Қаулысымен «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» 56 078 га аумақта құрылған.
Қорық аумағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 07 қарашасынан бастап 86 122 га көлеміне дейін көбейтілді, соның ішінде орман қамтылған алаң-38 272 га, 2008 жылдың 1 қантарынан Қаулы күшіне енді.